Технология • 05 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: «Optimus» робот

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Tesla» 2025 жылы 10 000 «Optimus» гуманоид роботын шығаруды жос­парлап отыр. Илон Масктің айтуынша, бұл құрылғылар жылдың соңына қарай «Tesla» зауыттарында жұмыс істей бастайды.

Ғалам ғажаптары: «Optimus» робот

Илон Маск болашақта «Tesla» жылына 100 миллион робот жасап, «Optimus» бағдарламасы компанияның негізгі табыс көзіне айналады деген мәлімдеме жасады. «Tesla» компаниясы өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттырмақшы. Бастапқыда айы­на 1000 робот шығарылса, кейін бұл сан 10 000-ға жетпек. 2026 жылы «Optimus 2» моделінің өндірісі басталып, айына 100 000 робот шығару көзделген. Қазіргі уақытта бұл роботтар тек «Tesla» зауыттарында қолданылады. Ал сатылымға 2026 жылдан бастап шығады.