Технология • 04 Ақпан, 2025

Қазақстан ғарыш технологияларын Конгоға экспорттайды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Конго Республикасымен келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан ғарыш технологияларын Конгоға экспорттайды

Фото: gov.kz

Келісім Конго республикасына Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің халықаралық тобына қосылуға мүмкіндік береді. Бұл топта қазір Моңғолия бар. Топтағы мемлекеттер деректер, мониторинг және аналитика саласындағы озық жобаларын өзара бөлісе алады. 

«Спутниктік платформадан бөлек, Қазақстан оқыту мен тәжірибе алмасуды қамтитын кешенді шешім ұсынады. Қазақстан технологиялық әзірлемелердің орталығы ретінде өз позициясын арттырып келеді. Осы орайда халықаралық әріптестер біздің шешімімізге сенім артады. Бұл – отандық ғарыш индустриясының жоғары деңгейін растайтын екінші табысты экспорттық жоба», деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев. 

Бұл келісім Қазақстан мен Конго Республикасы арасында ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа технологиялық бастамаларды дамытуға ықпал етпек.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15