Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Ұшақ бортында жолаушылар орындық үшін жанжалдасты

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 ақпанда Сингапурдан Гонконгқа бет алған CX690 рейсінде жолаушылар арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұшақ бортында жолаушылар орындық үшін жанжалдасты

Жолаушылардың бірінің орындықты шалқайтып қойғаны жанжалға себеп болған. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам орындығын толығымен шалқайтып қойған, бұл оның артында отырған әйелдің наразылығын тудырған. Жолаушылар бір-біріне балағат сөздер айта бастады. Видеода ер адамның эмоционалды түрде әйелге айғайлағаны көрінеді.

«Мен орнымды ыңғайыма қарай реттей аламын. Бұған ереже бойынша рұқсат етілген!» деді ол.

Жанжал кезінде ер адам әйелді бұған дейін баласына дауыс көтерді деп те айыптады.

«Сен менің балама ұрысқанда, мен үндемедім. Бірақ мен орындығымды шалқайтсам, бұл демек сіздің проблемаңыз», деп кіжінді ер адам.

Куәгерлердің айтуынша, экипаж бұл оқиғаға араласпауды жөн көрген. Ер адамның екі жасар қызының дәлізде жүгіріп жүруі басқа жолаушылардың да наразылығын тудырды. Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдайды шиеленістіре түскен.

Эмоциялық жанжалдан кейін ер адам құлаққапты тағып, орнына қайта оралмақ болған. Алайда оның жұбайы әйелмен дауды жалғастыра берген.

Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10