Әлем • 28 Қаңтар, 2025

Microsoft TikTok желісін сатып алуға ниетті - Трамп

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісін Microsoft компаниясы сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Microsoft TikTok желісін сатып алуға ниетті - Трамп

Фото: pymnts.com

Айта кетейік, бүгінде бұл платформаны сатып алуға Американың бірнеше алпауыт компаниялары ниет білдіріп отыр. Тіпті TikTok-тың бас компаниясы ByteDance қосымшаны 200 миллиард долларға бағалап отырғаны мәлім болды.

АҚШ президенті Microsoft компаниясының платформаны сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын растап, бұл іске Қытайды араластырмайтынын айтқан.

Бұған дейін Дональд Трамп қосымшаға тыйым салу шешімін 75 күнге кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойған еді.


 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35