Тағайындау • 27 Қаңтар, 2025

«Дара» президенттік бастамалар қорының басшысы тағайындалды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дара» президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен ұйымның басшысы болып Мұхамедқали Тауан тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Дара» президенттік бастамалар қорының басшысы тағайындалды

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхамедқали Тауанның халықаралық ынтымақтастық және корпоративтік басқару саласындағы ауқымды бастамаларды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол бұған дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында, Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясында және жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика бакалавры және Қазақстан-Британ техникалық университетінде МВА дәрежесі бар.

Қазіргі уақытта «Дара» президенттік бастамалар қоры адами капитал мен креативті индустрияны дамыту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын сақтау бойынша бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында Жошы ханның өміріне арналған ауқымды тарихи сериал түсіру бар, оның мақсаты – ұлттық тарихты насихаттау және мәдени бірегейлікті нығайту.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025