Жұмыс • 25 Қаңтар, 2025

3000 студент жұмыспен қамтылады

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Amanat» партиясының бас­та­масымен елордалық бірқатар колледж бен ірі кәсіпорын ке­лі­­сім­­­­ге­­ келіп, жұмысшы маман­дық­­­та­ры­ жылы аясында ынты­мақ­тас­тық ­ту­ра­лы меморандумға қол қойды.

3000 студент жұмыспен қамтылады

Қос тарап білім алушыларға екіжақ­ты қолдау білдіру мақсатында алдымен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, артынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Партия мүшелері осы бастаманың арқасында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешіледі дейді.

Атап айтсақ, елордадағы «Аstana Рolytechnic» жоғары колледжі, Технологиялық колледжі, Техникалық колледжі, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі, Құрылыс-техникалық колледжі және «ЛС Групп», «Paving Stone Company», «Digital System Service», «Бірыңғай шоғырлан­дыру орталығы», «Dat kz», «Мастер кофе» Com­munity, «Ақмол холдинг» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар бір мақсатта жұмыс істеп, үш мың студентті жұмысқа орналастырмақ.

Жұмысшы мамандықтары жылында «Amanat» партиясының ықпалымен атқарылып отырған бұл бастама – алғашқы ірі қадамның бірі. Алдағы уақытта партия жұмысын тоқтатпайды. Керісінше жастарға қолдау білдіріп, әртүрлі бастамаларды іске асыруды көздейміз», дейді партия хатшысы Шолпан Каринова.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше