Білім • 25 Қаңтар, 2025

Жасанды интеллект олимпиадасы

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл сайыс бұрынғы жарыстан өзгерек. Өйткені елімізде алғаш рет оқушылар арасында республикалық «AI Olymp» атты жасанды интеллект олимпиадасы ұйым­дас­ты­рылмақ.

Жасанды интеллект олимпиадасы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин ынтымақтастық ­туралы меморандумға қол қой­ды. Құжаттағы басты жаңа­лық – «AI Olymp» білімпаздар бәсекесі.

Аталған олимпиада жасанды интеллект және бағдарламалау, математика, деректерді талдау сынды тақырыптарға қызы­ғушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, оларды қолдауға, сондай-ақ дара дарын­дарды халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына дайындауға бағытталған.

«Бұл сайысты біз «Generative Nation» бастамасы аясында ұйымдастырып отырмыз. Жас өнертапқыштарды қолдау әрі олардың идеяларын іске асыру – біздің міндетіміз», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

Жиын барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ­«AI Olymp» сайысын өткізу – дарын­ды оқушыларымыз­дың әле­уе­тін ашуға және жоғары білік­ті мамандарды дайындауға страте­гия­лық қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, олимпиа­да­ көк­тем айында өтеді. Ел­дің түк­пір-түкпірінен жи­нал­ған­ оқушылар ең әуелі бағ­дар­­л­а­малау, математика және маши­на­лық оқыту тапсырмаларын ше­шетін онлайн іріктеу кезе­ңіне қатысады. Содан соң ең үздік 40 қатысушы машиналық оқыту алгоритмдері, дерек­терді талдау және жасан­ды интел­лектіге қатысты прак­ти­калық тапсырмаларды шешетін финалдық кезеңге шақырылады. Кіл мықтылардан іріктелген ең үздік оқушылар ұлттық құра­маның атынан Қытай Халық Республикасының Бейжің қала­сында өтетін халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына (IOAI) жолдама алады.

Спорттық бағдарламалау фе­­де­рациясының президенті Бағ­дат Мусиннің айтуынша, IOAI Халық­аралық олимпиадасы биыл­ 2-9 тамыз аралығында өтеді.