Жекпе-жек • 23 Қаңтар, 2025

Дамир Америкада айқасады

53 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кезінде UFC-де күш сынасып, көрермен көзайымына айнал­ған танымал аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов алда­ғы уақытта АҚШ-тың Global Fight Laegue промоуше­ні­нің мұрындық болуымен ұйымдастырылған турнирлерге қатысады. Күні кеше ғана ол осы ұйыммен келісімшартқа отырды.

Дамир Америкада айқасады

Сурет: sportplustv.kz

Дамир 1991 жылғы 3 ақ­па­нда Ресейдің Орынбор облысы, Первомай ауданының Удар­­ный ауылында дүниеге келген. Спорттық жолын футболдан бастап, 20 жастан асқанда ғана аралас жекпе-жекке ден қойды. «Алмас кездік қап түбінде жатпайды» демекші, көп ұзамай атағы алысқа жайылды. Әу бас­та ірілі-ұсақты турнирлерде топ жарды. 2017 жылы Ресейдегі «М-1» ұйымының чемпионы атанды. Финалдық бәсекеде Нева жағалауынан келген Максим Дивничті ұтты. Одан кейін өз атағын үш мәрте сәтті қорғады. Бразилиялық Рожериу Матиас да Консейсан, Раул Тутараули, Артем Дамковскиді жеңді. 2014–2018 жылдар аралығында 20 рет октагонға шығып, соның тек біреуінде ғана ұтылды. Қал­­ған бәсекелерде оның басымдығы ­­еш күмән туғызған жоқ.

2018 жылы Д.Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды. Әлемдегі ең белді промоу­шенде төрт жылдай өнер көрсе­тіп, жеті жекпе-жек өткізді. Бес рет ұтып, екі рет ұтылды. Алекс Горджис, Хоэль Альварес, Тиагу Мойзес, Рафаэл Алвис, Гурам Кутателадзені қапы қалдыр­ғаны­мен, Арман Царукян мен Гранд Доусонды жеңе алмады. Содан соң алыстағы Америкадан елге оралды. Былтыр қазақ файтері екі рет айқас алаңына шықты. Алматыда Дмитрий Климовты ұтса, Ақтөбеде Обердан Виейра Тенорионы теуіп құлатты.

Данияр Қасқарауов жетек­шілік ететін «Алаш Прайд» промоушені 2016 жылдың 15 жел­­­тоқсанында Алатау баурайын­да дүбірлі дода ұйымдастыр­ды. Сол кезде Ресейде туып-өскен қандасымыздың өнерін алғаш рет тамашаладық. Ел Тәуелсіздігі­нің 25 жылдығына арналған жа­рыста Темірлан Айсәділов, ­Айбек Нұрсейіт, Мұрат Бақты­ора­зов сынды жергілікті жам­поз­дарды сан соқтырды. Сөйтіп бас жүлдеге тігілген «темір тұл­парды» тізгіндеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15