Digital • 22 Қаңтар, 2025

Керек дерек

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

eGov.kz порталын пайдаланушылар көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы енді онлайн ала алады.

Керек дерек

 

Жаңа функция жүргізуші куәлігін ресімдеу, ұзарту, қал­пына келтіру үдерісін айтар­лықтай жеңілдетеді. 073/е ныса­нындағы медициналық анық­тама – барлық жүргізушіге мін­детті құжат. Ол көлік құра­лын басқаруға қарсы көрсе­тілімдердің жоқ екенін растайды. Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан меди­циналық тексерістен өтіп барып қана қағаз алатын. Енді пайдаланушылар меди­циналық тексерістен өт­кеннен кейін анықтаманы элек­трондық форматта алады. Ал цифр­лық құжат автоматты түрде бірың­ғай деректер қорында сақталады.

Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына тіркеліп, «Денсаулық», «Медициналық көмек» бөліміне өту қажет. «№073/е нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдап, өтінішке қол қою қажет. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды.