Қылмыс • 18 Қаңтар, 2025

Астана - Қарағанды тас жолында 4 адам такси жүргізушісін ұрып кеткен

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін діттеген жеріне жеткен соң жүргізушісін соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана - Қарағанды тас жолында 4 адам такси жүргізушісін ұрып кеткен

Жедел басқару орталығына қаладағы тұрғын аудандардың бірінде ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жетті.

39 жастағы жәбірленуші – елорда тұрғынының айтуынша, төрт ер адамды Қарағандыға жеткізген. Жол бойы жолаушылар өздерін сабырлы ұстаған. Алайда діттеген жеріне жеткен олар ақша төлеудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап ұрып-соғып жақын маңда жасырынуға тырысқан.

«Сипаттаманы басшылыққа алған патрульдік полиция қызметкерлері көп ұзамай қашқындарды қылмыс болған жердің жанынан тапты. Ер адамдар  моншаны паналаған. 34-37 жас аралығындағы күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу оларды осы қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтау керек», делінген облыстық ПД хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58