Бюджет • 30 Желтоқсан, 2024

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 10 әлеуметтік нысан салынады

33 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 12 маусымында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 10 әлеуметтік нысан салынады

Осы құжатқа сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлік түріндегі қайтарылған активтер Қайтарылған активтерді басқару компаниясына беріледі. Сәйкесінше ақшалай қаражаттың түсімін жинақтау үшін Қаржы министрлігінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты ретінде Арнаулы мемлекеттік қор құрылды.

Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылдың 20 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға барлығы 220,3 млрд теңге түскен. Шығыстардың көлемі – 11,5 млрд теңге. Қалған 208,84 млрд теңгенің ішінде 13 млрд теңге сомасы Басқарушы компаниядан аударылған. Оның ішінде 12,6 млрд теңге активтерді сатудан, сол секілді 0,5 млрд теңге аталған ақшаны басқаруға байланысты қызметтен (жалдау, сенімгерлік басқару, дивидендтер және т. б.) жиналған.

Осылайша құзырлы органдар қайтарылған активтерді тиімді басқару арқылы қосымша қаржылай ресурстарды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттап отыр.

Тиісті заңға сәйкес аталған қордың шоттарындағы ақша денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және т.б. салалардағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салуға бағытталады. Барлық жоба экономикалық сараптамадан өтіп, одан әрі қажетті қаржыландыру мәселесі Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жіберіліп, тиісті шешім шығарылады.

Мәселен, РБК шешімі бойынша қорда жинақталған қаражат келесідей жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады:

- Ақтөбе қаласында 300 орынға есептелген ерекше балаларға арналған арнайы балабақшаны салу.

- Алматы облысында 50 орындық спорт кешенін салу.

- Атырау облысындағы мектеп-интернат.

- Шымкент қаласындағы қосалқы мектеп-интернат колледжі үшін 300 орынға шақталған жатақхана салу.

- Петропавл қаласында 280 орындық балабақша салу.

- Түркістан облысында аудандық балалар музыка мектебінің құрылысы.

- Ұлытау облысында 80 орынға есептелген 2 қабатты мектеп салу.

- Жетісу облысында 30 орынды қарастыратын мектепке дейінгі шағын орталығы бар 200 орындық мектеп салу.

- Ақмола облысында спорт залы бар спорт кешенін салу.

-Шығыс Қазақстан облысындағы аурухана кешені.

Жылыстатылған активтерді қайтару елімізден капиталды заңсыз шығарудың алдын алуға көмектеседі. Ал осы активтермен жүргізіліп жатқан жұмысты ашық көрсету қазақстандықтардың сенімін арттырады. Сондықтан барлық қаражат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Оның есебінен салынып жатқан мектептер, балабақшалар, спорт кешендері, жатақханалар өңірлердің экономикалық өсімін нығайтып, халықты жұмыспен қамтуда септігі мол. Сонымен қатар қалалар мен ауылды жерлерде жайлы ортаны құруды арттырады.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15