Әскер • 17 Қаңтар, 2025

Орталық Азияда тағы да көш бастадық

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз жаһандық әскери күштер рейтингінде 145 елдің арасынан 57-орынға жайғасты.

Орталық Азияда тағы да көш бастадық

2025 жылдың 13 қаңтарында жарияланған Халықаралық Global Firepower Ranking рей­тингінде еліміз 1,1016 ұпаймен 145 елдің ішінде 57-орынға тұрақтап, Орталық Азияда көш бастады. Ал 2024 жылы 58-орынға ие болсақ, алдыңғы жылы 63-орынға тұрақтадық.

Жалпы, Қазақ елінің эконо­микалық тұрғыдан әскери шығындары 1,3 трлн теңгені құрайды. Бұл техникаларды жаңартуға, қорғаныс өнер­кәсібін дамытуға және оқу-жаттығуларды жүйелі түрде орындауға мүмкіндік береді.

Орталық Азияға келсек, Өзбекстан бізден бір саты төмен, 58-орынға жайғасты. Түрікменстан 77-ші, Қырғызстан 105-ші және Тәжікстан 108-орынды иеленді.

Үздік үштікке бұрынғыша АҚШ, Ресей және Қытай кіреді. Ал Орталық Африка Рес­пуб­ликасы, Бенин және Бутан мемлекеттері көш соңында.

Айта кетейік, бұл рейтинг 60-тан аса жеке факторды пайдалана отырып, елдің күш-қуат көрсеткішін анықтайды. Бұл әскери бөлімдердің саны мен қаржылық жағдайынан бастап логистикалық мүмкіндіктер мен география аумағына дейінгі ерекшеліктерді қамтиды.

 

Нұрдәулет КӘРІБАЙ,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті

 

Түркістан

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026