Технология • 15 Қаңтар, 2025

Жасанды интеллекттің әсерінен адамдардың миы 20-30%-ға баяу ойланады

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллект миымыздың жұмысын әлсіретіп жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Жасанды интеллекттің әсерінен адамдардың миы 20-30%-ға баяу ойланады

Ғалымдардың жаңа зерттеуі көрсеткендей, ЖИ құралдарын жиі қолданатын адамдардың сыни ойлау қабілеті айтарлықтай төмендейді. Бұл құбылыс «когнитивтік демалыс» деп аталады: ми үнемі ЖИ-ге сеніп, ақпаратты өз бетінше талдауды ұмыта бастайды.

Зерттеу нәтижелері Societies журналында жарияланды. Оған 17 жастан асқан 666 адам қатысты. Олар әртүрлі жастағы және білім деңгейіндегі адамдарды қамтыды. Алдымен қатысушылардың ЖИ құралдарын қаншалықты жиі қолданатыны анықталды, кейін олардың сыни ойлау қабілеттері бағаланды.

Нәтижелер көрсеткендей, ЖИ-ді жиі пайдаланатын адамдардың ми қызметі сирек қолданатындарға қарағанда әлдеқайда баяу жұмыс істейді. Тағы бір таңқаларлық факт – адамның ЖИ құралдарын қолдану жиілігі оның білім деңгейінен де маңыздырақ фактор болып шықты. Яғни, жоғары білімді адамдар да ЖИ-ге тым сенсе, сыни ойлау қабілеттері нашарлайды.

Ғалымдар бұл құбылысты алаңдаушылықпен қабылдап отыр. «ЖИ құралдарын шектеусіз қолдану – адам миын пассивтік режимге көшіреді», – дейді зерттеу авторлары. Бұл технологияларды ақылмен пайдалану және ақпаратты өз бетімізше өңдеуді жалғастыру – болашақта когнитивтік қабілетімізді сақтап қалудың маңызды жолы.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше