Экспорт • 13 Қаңтар, 2025

Иран мен Әзербайжанға астық экпорты өседі

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халықаралық астық нарығындағы  позициясын нығайтуды жалғастырып жатыр. ҚТЖ деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспорт 8,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Egemen.kz  Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран мен Әзербайжанға астық экпорты өседі

Экспорттық бағыттардың ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна). Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.

Иран мен Әзербайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзербайжанға - 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті.

2024 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 50%-ға артық. Экспорт көлемі 57%-ға өсіп, 3,9 млн тоннаны құрады.

Оның ішінде Өзбекстанға 1.5 млн тонна (өсім 45%), Тәжікстанға - 633 мың тонна (57%), Ауғанстанға - 190 мың тонна (51%), Қытайға - 592 мың тонна (2%) экспортталды.

Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тоннаны құрады, Әзербайжанға 188 мың тонна экспортталды (2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанында жеткізілім болған жоқ).

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15