Өнер • 13 Қаңтар, 2025

«Астана Опера» труппасына жаңа басшы тағайындалды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театрының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров операның жетекші шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаевтың опера труппасының директоры лауазымына тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Опера» труппасына жаңа басшы тағайындалды
Талғат Мұсабаев – кәсіби тәжірибесі мол белгілі әнші. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен осы жоғары оқу орнында аспирантураны тамамдаған ол өз шеберлігін Италияда Мирелла Френи мен Паоло Кони сынды танымал коучтердің жетекшілігімен өткен тағылымдамаларда жетілдірген.
«Театрдың опера труппасын басқару мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік. Оның жоғары кәсібилігін сақтай отырып, көрермендерді жаңа қойылымдармен қуантуды жалғастыра беруі үшін бар күш-жігерімді саламын. Бізді алда көптеген қызықты жобалар күтеді», деп атап өтті Талғат Мұсабаев.
Жаңа басшының сөзінше, жуырда жүзеге асырылатын жобалар ретінде Қазақстан қалаларына гастрольдік сапарға шығу, «Опералия» халықаралық фестиваліне қатысу және жас әртістерге арналған шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған. 
 
Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00