Оқиға • 09 Қаңтар, 2025

Қарағандыда пәтер өртеніп, екі бала көз жұмды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Салдарынан 2 және 4 жастағы екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда пәтер өртеніп, екі бала көз жұмды

Фото: zakon.kz

Анықталғандай, отқа оранған пәтерде тұрмыстық заттар жанып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын өртті толықтай оқшаулаған.

Пәтерден 2020 және 2022 жылы туған екі баланың мәйіті табылған. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өздігінен шығып, ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ 1964 жылы туған әйел құтқарылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025