Оқиға • 09 Қаңтар, 2025

Түркістанға қатынайтын әуе рейстерінің саны артады

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай — Түркістан және Қарағанды — Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстері ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанға қатынайтын әуе рейстерінің саны артады

Фото: «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі

QAZAQ AIR әуекомпаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай — Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды — Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуерейстерін іске қосты. Сондай-ақ, 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған.

Қостанай — Түркістан 
Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:
IQ 361 Қостанай (15: 00) — Түркістан (17:20)
IQ 362 Түркістан (17:50) — Қостанай (20: 00).

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуерейстерінің құны бір бағытта 31 000 теңге.

Қарағанды — Түркістан 
Рейстер аптасына 2 рет орындалады:

Дүйсенбі күндері: 

IQ 441 Түркістан (09:50) — Қарағанды (11:40) 
IQ 442 Қарағанды (12:20) — Түркістан (14: 00)

Сәрсенбі күні: 

IQ 441 Түркістан (12:10) — Қарағанды (14: 00) 
IQ 442 Қарағанды (14:40) — Түркістан (16:40).

Субсидияланатын әуерейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңге. 

Астана — Түркістан 

Рейстер аптасына 2 рет орындалады: 

Дүйсенбі күндері: 

IQ 369 Астана (07:05) — Түркістан (09: 05) 
IQ 370 Түркістан (14:40) — Астана (16:55)

Сәрсенбі күні: 

IQ 369 Астана (09:50) — Түркістан (11:40) 
IQ 370 Түркістан (17:20) — Астана (19:20).

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20