Пікір • 09 Қаңтар, 2025

Ғылыми зерттеу тәсіліне көшу қадамы

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы болашақ мамандарды даярлауда шешуші рөл атқаратын «AI-Sana» инновациялық бағдарла­масының маңызын да атап өтті.

Ғылыми зерттеу тәсіліне көшу қадамы

Сурет: gov.kz

Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас технологиялық директоры Пол Кимнің қатысуы­мен әзірленген бұл бағдар­лама «DeepTech» стартапта­рын қалыптастыру және иннова­циялық шешімдерді дамыту үшін мүмкіндіктер жасай отырып, біздің жас таланттарымыз үшін нағыз трамплин болады.

«AI-Sana» бағдарламасы – студенттер мен оқытушылардың жаңа ойлауын қалыптастыру құралы ғана емес, сонымен қатар Қа­зақстан жоғары оқу орын­да­рының дәстүрлі білім беру тәсі­лі­нен ғылыми зерттеу тәсіліне кө­шу­­дегі маңызды қадам. Біз жаңа тех­но­логиялардың қарқынды дамуы жағдайында ел үшін маңыз­ды міндет болып табылатын тех­но­­логиялық бағдарланған қоғам­ды қалыптастыру үшін идео­ло­гиялық негіз құруға бағыттал­ғанбыз.

Бұл бастаманың маңызды элементі – ең күрделі ғылыми мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын суперкомпьютерлер. Елімізде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерт­теу университеті мен Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде жалпы өнім­ділігі 2 «PFLOPS» болатын ака­демиялық кластер іске қосылады. Бұл суперкомпьютерлер ғылыми зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашады, ғылыми жұмыстарды жариялау үдерісін жеделдетеді және озық технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

«AI-Sana» үздік әлемдік ғы­лыми және білім беру ресурс­тарын біріктіретінін атап өту маңызды, бұл Қазақстан жастарына серпінді технологиялар саласында өз идея­ларын іске асыруға мүмкіндік туғызады. Бағ­дарлама елдегі ғылыми-тех­никалық прог­ресті жеделдетуге көмектесіп қана қой­май, сту­денттік кезден бастап стар­тап-ұлтты қалыптастыру жо­лын­дағы маңызды кезең болады.

Осылайша, «AI-Sana» – техно­логиялық көшбасшылық­тың ұлттық идеологиясын нығай­татын және технологиялық әрі кәсіпкерлік бастамалар арқылы Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ететін стратегиялық жоба.

 

Саясат НҰРБЕК,

Ғылым және жоғары білім министрі