Қоғам • 09 Қаңтар, 2025

Табиғи газға қосылуға өтінішті қалай онлайн беруге болады?

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік иелеріне табиғи газға қосылуды жеңілдету мақсатында «eGov Mobile» қосымшасында жаңа мүмкіндік іске қосылды. Енді азаматтар газға қосылу үшін қажетті техникалық шарттарды үйден шықпай-ақ онлайн ала алады.

Табиғи газға қосылуға өтінішті қалай онлайн беруге болады?

Қызмет «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушылары үшін қолжетімді және жеке тұлғаларға тегін ұсынылады. Тех­н­икалық шарттар объектіні газ тара­ту жүйесіне қосу мүмкіндігін растай­тын ресми құжат саналады.

Қызметті мүлік иесі пайдалана ала­ды. Ол үшін «eGov Mobile» қосымшасын­да көрсетілген барлық міндетті өрістер­ді толтырып, мүлікке тіркелген құ­қық­тарды растауы қажет. Қызметті алу үшін пайдаланушы қосымшада авторизациядан өтіп, «Қызметтер» бөлімінде «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» санатынан «Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» батырмасын басуы қажет. Кейін газбен жабдықтау объектісінің түрін, мүлікті таңдап, объектінің техникалық паспортын тіркейді. Сонымен қатар техникалық шарттың түрін, қосылу себебін, газ шығынын көрсетіп, газ жабдығының түрі мен санын таңдау керек. Соңында өтінімге» Face ID» немесе «Touch ID» арқылы қол қойылады.

Өтінім дұрыс толтырылса, қызмет көрсету нәтижесінде техникалық шарттар беріледі немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бас тарту себебі реттелетін қызметті ұсыну үшін қажетті қуаттар мен өткізу мүмкіндіктерінің болмауынан туындауы мүмкін. Техникалық шарттарды беру мерзімі нысанның күрделілігіне байланысты болады. Күрделі емес нысандар үшін 5 жұмыс күнін, ал күрделі нысандар үшін 10 жұмыс күніне созылады.