Оқиға • 06 Қаңтар, 2025

Зерендіде 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 қаңтарда аудандық ауруханаға Зерендінің кішкентай тұрғыны шұғыл жеткізілген. Рентген арқылы баланың ішегіне бөгде зат түскені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерендіде 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған

Фото: pixabay.com

«Баланы бірден тексеріп, шұғыл операцияға дайындау үшін жансақтау бөліміне бағыттадық. Дер кезінде қаралмаған соң бөгде зат тоқ ішек пен аш ішекке шашырап кеткен. Отаны тәжірибелі дәрігер, бөлімше меңгерушісі Ернар Қожабеков жасады. Мен көмектестім. Лапороскопиялық тіреуіштің, монитордың көмегімен біз 39 магниттік шарды шығарып алдық. Үш күн ішінде олар ішекті зақымдап, тоқ ішек пен аш ішекті тесіп үлгерген. Бұл операция барысын қиындатты. Сондықтан ота бес сағатқа созылды. Сонымен қатар ағзада перитонит шығып, ірің ішекке өткен», деді балалар хирургі Сәлімжан Жақыпов.

Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай жарты жыл ішінде үшінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін 12 және 24 дана магнит жұтқан балалар кездескен.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025