Технология • 31 Желтоқсан, 2024

Жасанды интеллект: жетістікке апарар жол

145 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға ден қойылды. Жаңа технологияларды енгізуге арналған бірқатар ірі жоба жүзеге асып, саланың дамуына серпін беретін маңызды бастамалар қолға алынды. «Oxford Insights» ұйымының дерегінше, жасанды интеллектіге дайындық индексі бойынша Қазақстан 193 елдің арасында 72-орынға тұрақтаған.

Жасанды интеллект:  жетістікке апарар жол

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Ұлттық жасанды интеллект платформасы құрылды

Президент бастамасымен жаңа жоба – Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылды. Бұл жүйе мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың мәліметтерін бір жерге жинап, оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Платформаның басты мақсаты – деректерді қолжетімді етіп, оларды экономиканың түрлі салаларында пайдалану арқылы тиімділікті арттыру.

Президент бұл бастаманың тек техноло­гиялық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар елдің цифрлық егемендігін нығайтуға да бағытталғанын атап өткен. Деректерді дұрыс басқару, жасанды интеллектті дамыту – қазіргі заманның басты талабы.  Жоба аясында мемлекеттік органдардың деректері «Smart Data Ukimet» жүйесі арқылы жинақталады. Оған 93 ақпараттық база қосылған.

 

«AI-Center» ашылды

Сондай-ақ биыл «Astana Hub» технопар­кінде жасанды интеллект жобаларын әзірлеуге арналған «AI-Center» орталығы іске қосылды. Бұл орталық стартаптарға қолдау көрсетіп, олардың жаһандық нарыққа шығуына көмек­теседі.  «AI-Center» жасанды интеллект саласын­дағы жаңа идеяларды жүзеге асыруға арналған.

Сонымен қатар «AI.AstanaHub.com» цифрлық платформасы еліміздің жасанды интеллект саласындағы жетістіктері туралы ақпарат таратып, ресурстар мен мәлімет­тер базасын қолжетімді етеді. Бұл платформа жобаларына жасанды интеллектті пайдаланғысы келетіндерге білім беріп, қолдау көрсетеді.

«Astana Hub» бүгінде еліміздегі ең ірі инновациялық орталыққа айналды. Ол отан­дық және шетелдік стартаптарды бірікті­ріп, технологиялық дамуға жол ашып отыр. 

 

Ұлттық тіл моделі

Отандық ғалымдар қазақ тілінде жұмыс істейтін ұлттық тіл моделін жасауға кірісті. Бұл бастама шетелдік бағдарламаларға тәуел­ділікті азайтып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған. Жо­баның мақ­саты – қазақ тілінде жасалған мәліметтерді суперкомпьютерлердің көме­гімен өңдеп, жасанды интеллектінің мүм­кіндігін арттыру. 

Алғашқы кезеңде 6 миллиард сөзден тұратын дерекқор құрылып, қазақ тіліндегі мәліметтер жинақталды. Бұл дерекқор үлкен тілдік модельді (LLM) жетілдіруге негіз болмақ. Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жоба арқылы қазақ тілінің мәдени және тілдік мұрасын дамыту мақсатында үлкен тілдік модель (LLM) жасауды қолға алып жатыр.

Бұл жобаны бірнеше білім беру ұйымы бірлесіп жүзеге асырып, олардың қата­рында Ақпараттық және есептеу технологиялары инс­титуты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев университеті, Назарбаев университеті, Ш.Шаях­метов атындағы «Тіл-Қазына» ННПЦ, А.Бай­тұрсынов атындағы Тіл білімі институты бар. 

Ғалымдар қазірдің өзінде 6 миллиард сөзқолданыс жинап, суперкомпьютерлердің көмегімен ұлттық тіл моделін оқыту жұмысын бастады. Бұл жоба қазақ тілінің дамуына ғана емес, жасанды интеллектінің әлеуетін арттыруға да ықпал ететін маңызды қадам.

 

Маман даярлау қолға алынды

Жасанды интеллект бойынша сертификат беретін ашық курстар әзірленіп, 2029 жылға дейін 80 мыңнан астам адамды оқыту жос­пары бекітілді. Бұл бастама саладағы мамандар тапшылығын шешуге, сондай-ақ мамандар біліктілігін арттыруға бағытталған. 

Қазіргі уақытта 17 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша 15 білім бағдарламасы негізінде 2 196 студент білім алады. Бұдан бөлек, жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға бакалавриатқа жаңа мамандық енгізілмек. «Жасанды интеллект» бағдарламасы 3 жыл оқытылады. Мамандық «University Alliance of Science and Technology» университеттер альянсы мен «NNEF» қоғамдық қорының қолдауымен әзірленді. Бағдарлама 2024 жылға арналған жоғары білім беру ұйымдарының жол картасына енгізілді. 

Әлемге танымал педагог Николас Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында жұмыс істейтін «Tomorrow School» мектебі ашылды. Бұл мектептің ерекшелігі — инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесі, яғни студенттер өзара тәжірибе бөлісіп, бір-біріне білім береді. Осы жүйе бойынша оқыған түлектердің 90%-ы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін дәлелдеген.

Жасанды интеллект саласындағы жұмыс келесі жылы да қарқынды болмақ. Мәселен,  Астанада «Alem.ai» атты халықаралық жасанды интеллект орталығын ашу жоспарла­­нып отыр. Бұл орталық ЖИ жобаларын дамытып, елі­мізді Орталық Азиядағы көшбас­­шы­­ға айнал­дыруға ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03