Оқиға • 27 Желтоқсан, 2024

Қазақстан ұшақ апатын зерттеуге бар күш-жігерін салады - Президент

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ұшақ апатын зерттеуге бар күш-жігерін салады - Президент

Фото: Ақорда

Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Жол апаты азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Ағайындар атамекенге оралды

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:00

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Медицина • Бүгін, 09:55