Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024

Сарыбастаудың сәнін кіргізген кешен

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Райымбек ауданы Сары­бастау ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Ал­маты облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бой көтерген нысанды бас мердігер «СП «NEFT» ЖШС бір жарым жыл ішінде халықаралық, заманауи талаптарға сәйкес етіп салып шығып, қолданысқа берді.

Сарыбастаудың сәнін кіргізген кешен

«Жаңа нысан жергілікті ин­фра­құрылымның дамуы мен өңір тұрғындарының спортпен айналысуына соны серпін береді. Мемлекет басшысының халықтың саламатты өмір салтын жақсарту бағытындағы тапсырмаларын орындауда Ал­маты облысы да белсенділік таны­тып келеді. Қалалық жерлерден бөлек, шалғай аймақтарда да спорттық нысандарды салып, ауыл балаларының тегін спорт секцияларына қатысуына жан-жақты мүмкіндік қарастырып жатырмыз», деген Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Спорттық нысанның салтанатты ашылуына Париж Олим­пиадасының грек-рим күре­сінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраев қатысты.

«Соңғы уақытта спорттық кешендер мен алаңдар бала­лардың да, ересектердің де сүйік­ті орнына айналды. Ха­лық­аралық аренада үлкен жетіс­тік­терге жетсін десек, балалар­ды жастайынан спортқа бейім­деу үздіксіз жүргізілуге тиіс. Райым­бек ауданынан білікті спортшылар шыққан. Мәселен, Руслан Жұмабеков, Ардақ Назаров, Бейбіт Назаров, Жасұлан Қыдырбаев сынды шебер спортшылардың есімі ерекше аталады. Алдағы уақытта да дәл осындай спорт ғимаратында шыныққан жастар Олимпиада жеңімпаздары болатынына сенімім мол», – деді ол.

70 орындық құрылыстың жалпы құны 1 млн 336,6 мың теңгені құрайды. Спорт  кеше­нінде бокс, күрес, жаттығу залдары, сондай-ақ командалық спорт түрлеріне арналған зал қарастырылған. Жалпы ауданы 2253,3 шаршы метр ғима­ратта жас спортшылар мен жаттықтырушылар­ға барынша қолайлы жағдай жасалған. Мұнда ауыл балалары спорттың бірнеше түрінен жаттығады. 

Бүгінде облыста 1891 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы қолға алынуы тиіс 15 спорт нысанының жобалық-сметалық құжаттамасы әзір­леніп жатыр.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15