
«Tomorrow School» – Николас Садирак әзірлеген «01 Edu» платформасында инновациялық «peer-to-peer» оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект жобасы. Аталған мектеп бағдарламалау дағдыларын нөлден бастап үйретеді. Мұндағы оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген, яғни мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар болмайды. Одан бөлек, барлық студенттің Астана қаласындағы «Astana Hub» технопаркі алаңында офлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар. Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады. Қатысушылар бірқатар мамандықты таңдай алады, соның ішінде AI-инженері, бағдарламалық жасақтаманы, мобильді қосымшаны әзірлеуші, DevOps инженері, IT жүйелерінің архитекторы, киберқауіпсіздік маманы атануға мүмкіндік бар. Жасанды интеллект мектебіне тіркелу 2025 жылдың 17 қаңтарында аяқталады.