Руханият • 12 Желтоқсан, 2024

«Egemen» де, домбыра да сыйлады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласындағы №14 – мектепке  жаңа оқу жылында Фариза  Отжанқызы  директор болып келді. Жас та жігерлі басшы мектепті жаңа деңгейге көтеру мақсатында көптеген ізденістерге баруда. Ол мектепте домбырашылар оркестрін ұйымдастыруды ойлаған еді. Бірақ..

«Egemen» де, домбыра да сыйлады

Қол қысқа, қаржы тапшы болған соң, ойдағыны іске асыру оңайға соқпайды екен. Содан демеуші іздеуге тура келді. Оның өтінішіне «Ауыл» партиясының облыстық филиалы  көмек қолын ұсынды. Сөйтіп, «Ауыл» мектепке 20 домбыра сыйға тартты.

-Қазір баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқанын ескеріп, мектептің ата-аналарының арасынан 5 кісіні «Егемен Қазақстан» газетіне  1 жылға тегін жаздырдық –дейді филиал төрағасы Абзал Жиенбаев.

Сөйтіп, ұлытаулық «ауылдықтар»  балаларға домбыра, үлкендерге  «Egemen»  Qazaqstan» газетін сыйға тартып, руханият жанашырлары екенін танытты.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35