Сараптама • 11 Желтоқсан, 2024

Баспана нарығындағы ахуал

80 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жыл соңына таман тұрғын үй нарығындағы баға деңгейінде өзгеріс болды. Әрине, әр нарықтағы жағдай әртүрлі. Мәселен, Алматыда соңғы 6 айдағы үздіксіз өсімнен кейін жайлы тұрғын үйлердің жалға алу ақысы 1 пайызға төмендеген. Бұған бірнеше рет болған жер сілкінісі себеп болуы мүмкін дейді сарапшылар. Осы орайда Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметтерге де назар аударайық. Статистика бойынша, бас­пана нарығының барлық сегменті қарашада бірдей өсім (0,4 пайызға) көрсеткен.

Баспана нарығындағы ахуал

Сурет: qazaly.kz

Биыл қараша айында жылжымайтын мүлік нарығы оң динамикасымен ерекшеленді. Жайлы тұрғын үйлердің қайта сатылымы айлық 0,4 пайыз өсім көрсеткен. Сатылым былтырмен салыстырғанда 3,2 пайызға көбейген. Орташа баға – шаршы метріне 511,7 мың теңге (қазанда – 509,4 мың теңге).

Жаңа үйлердің сатылымы да айлық 0,4 пайызға өскен. Жылдық 3,4 пайызға өскен. Орташа бағасы – шаршы метріне 499,2 мың теңге (қазанда – 4,5 мың теңге).

Жайлы тұрғын үйлерді жалға беру ақысы айлық 0,4 пайызға өскен. Жылдық 6,0 пайызға артқан. Орташа бағасы – шаршы метріне 4,5 мың теңге (қазанда – 4,5 мың теңге).

Арендалық тұрғын үй бағасы орташа алғанда сегізінші ай қатарынан қымбаттады, бірақ айлық өсім динамикасы баяу­лаған.

ва

Тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығындағы жинақтал­ған баға өсімін 2022 жылдың қаң­тары мен 2024 жылдың қараша­сы аралығындағы тұтынушы­лық инфляциямен салыстырсақ, бастапқы тұрғын үй – 20,6 пайызға, қайталама тұрғын үй – 17,9 пайызға, жалға берілетін тұрғын үй – 48,4 пайызға, тұтынушылық инфляция 42,4 пайызға өскен.

«Арендалық тұрғын үй орташа бағасының жинақталған өсімі 2022 жылдың қаңтарынан бергі жинақталған инфляцияны қуып жетті. Бұл – ақылы қызметтердің қымбаттауының әсері. Қазір бастапқы және қайталама нарық­тағы баға инфляциядан айтар­лықтай қалып келе жатыр», делін­ген бюро мәлімдемесінде.

«Қазақстандағы жаңа және қайталама тұрғын үй бағасы сұранысқа айтарлықтай тәуелді екенін тағы да еске салғым келе­ді, оны мемлекет мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар («От­­басы банк», «Ұлттық банк», БЖЗҚ) ар­қылы ынталандырады. 2021 жылы біз БЖЗҚ әсерінің әжептәуір болғанын байқадық. Соның салдарынан соңғы жылдары шектеу шаралары енгізіле бастады», дейді «Tengenomika» сарапшылары.

Телеграмдағы «Комментарий» каналының жазуынша, тұрғын үй нарығы біртіндеп импульс алып келе жатыр (БЖЗҚ-дан аударым көлемінің артқанын ескерсек). «Бұл қайталама нарыққа пай­далы. Ипотекаға қатысты мәмі­лелердің цифрларын күту керек. Дегенмен жылжымайтын мү­лік құны 2023 жылдан бері құл­дырауда» дейді авторлар.

«ArtFinanz» арнасының пайым­дауынша, сұраныстың өз­ге­­руі нарықта бірқатар салдарды туғызады.

«Krisha» сайтына қарайтын болсақ, Алматыда – 37 мың пәтер, Астанада 35 мың пәтер сатылып жатыр. Халық санының аз екеніне қарамастан Астанада сатылып жатқан пәтер көлемі Алматымен теңесе жаздап тұр. Қателесуім де мүмкін, бірақ көктемге таман сатып алу-сату бойынша мәміле көп болатын секілді. Платформада кейбір үйлер мен пәтерлердің бағасы жыл бойы өзгеріссіз тұр. Тіпті кейбірінің бағасы төмендетілген. Инфляцияны есепке алатын болсақ, тұрғын үй арзандап жатыр деуге болады. Менің браузерімде жылдар бойы сақталып тұрған ондаған нысанның хабарламасы бар папка құрылған. Жинақталған инфляция 20 пайыздан асып кетті, ал олар болса әлі ескі бағамен тұр. Оның себептері әр алуан. Біріншіден, халықтың нақты табысы тым баяу өсіп жатыр. Екіншіден, ипотека арнасы тарылып кетті. Бұл бір жағынан дұрыс та, өйткені қазір жеңілдетілген ипотекаларды іске қосса, онда баспана бағасы шарықтап кетеді, сөйтіп, ол өз кезегінде инфля­ция­ны да арттырады. Үшінші­ден, қазір жылжымайтын мүлік бағасы жоғарылатып қойылған. БЖЗҚ-дан ақша аудару іске асырылғаннан кейін бірқатар өңір мен сегментте баға екі есе өсіп кетті. Ал құрылысшылар тарапынан шығындардың ашық­тығын біз сол күйі көре алмадық. Төртіншіден, бағаның басты қозғалтқышы саналатын мемлекет қазір тұрғын үй емес, инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беріп отыр. Бұл қи­сын­ға келеді, өйткені адамдарда жұмыс пен ақша болса, онда баспанаға деген сұраныс та өздігі­нен артады», дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025