Заң • 07 Желтоқсан, 2024

Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережелері өзгереді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери даярлау ережелеріне өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережелері өзгереді

Министрлік басшысы әзірлеген жаңа бұйрық жобасына сәйкес, әскери оқу орындарына түсу, ауысу және қалпына келтіру процестері толығымен цифрлық форматқа көшіріледі.

«Өзгерістер нәтижесінде, азаматтар e-Gov порталы арқылы өтінім бере отырып, мемлекеттік қызметті жылдамырақ ала алады. Бұл пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, қағазбастылықты жояды»,  делінген хабарламада.

Жаңа нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 2018 жылғы 31 қазандағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әзірленген.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50