Оқиға • 26 Қараша, 2024

Қазақстандағы 54 вокзал жөндеуді қажет етеді - министр

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 10 айында елімізде 17,6 млн жолаушы тасымалданған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 6 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы 54 вокзал жөндеуді қажет етеді - министр

Фото: Ашық дереккөз

Марат Қарабаевтың айтуынша, жыл соңына дейін 21 миллион жолаушы тасымалдау жоспарланған. Министр халықты тасымалдауға қолайлы жағдай жасау үшін вокзалдарды жаңғырту қажет екенін атап өтті.

«59 негізгі теміржол вокзалының 54-і (жергілікті әкімдіктер балансында – 4, ҚТЖ балансында – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өтті», деді Қарабаев.

Қалған станциялар бойынша тиісті техникалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыру көздері мен тетіктері пысықталып жатқандығы хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше