Семейде сұрапыл дауыл болды. 14 маусым күні сағат 18.30-да орын алған табиғаттың тосын оқиғасы шаһар тұрғындарын біраз әбігерге салды. Секундына 20-35 метр жылдамдықпен соққан адуын жел бірқатар нысандардың шатырын жұлып кетіп, көше жиегіндегі тал-теректерді құлатты.
Қаланың бірқатар бөлігінде жарық өшті. Стансалардағы электр қуатының болмауынан 40 мыңға жуық семейлік тұрғын сусыз қалды. Төтенше оқиғадан соң Семей қаласының жедел жәрдем қызметіне 10 зардап шеккен тұрғын хабарласып, оның 8-і түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында үстіне сынған ағаш құлаған әйел және жел жұлып кеткен шатырдың астында қалып, жарақаттанған екі ер адам бар. Дауылдан қаладағы 11 мектеп, 12 көпқабатты үй, 3 әлеуметтік-мәдени нысан және 30 жеке тұрғын үй мен жоғары кернеулі электр желісі, 28 электр қуатын беру желілері, билбордтар, 28 автокөлік зардап шекті. Сондай-ақ, 10 көше мен 4 жол өткелін су басты. Ең бастысы, адам шығыны орын алған жоқ.
Қазіргі кезде облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен төтенше жағдай зардаптарын жою жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша қалада қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, дереу қолға алынған жұмыстар нәтижесінде электр жарығынсыз қалған 57184 абоненттің басым бөлігі электр қуатына қайта қосылды. Апат салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар мен жедел жұмылдыру құрылымдары тартылды. Атап айтқанда, дауыл зардаптарын жою мақсатында 50 техника мен 200-ге жуық маман жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, автокөлік жолдары құлаған ағаштардан тазартылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді. Бағдаршамдар істемей тұрған көше қиылыстарындағы көлік қозғалысын реттеуге жол сақшылары тартылды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10