Қоғам • 21 Қараша, 2024

Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда материалдық емес мұраны қорғау туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

Фото: Ашық дереккөз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу идеясын қолдады. Оның пікірінше, құжатта еліміздегі материалдық емес мұраға қатысты барлық нәрсені қорлағандардың қалай жазаланатынын нақтылау қажет.

«Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге келсек, олардың қоғамдағы орнын анықтауымыз керек. Әдет-ғұрыпты насихаттайтын адам болған соң, оның мәртебесін де анықтауымыз керек. Киіз үйде билеген қыздарды көрдіңіз бе? Не істейміз? Сондықтан Қылмыстық кодексте бұл мәселелерді де осы заң жобасы аясында қарастыруымыз керек», деді Е.Сатыбалдин.

Депутат заң жобасын әзірлеу кезінде осы мәселелердің барлығын реттейтін министрліктерді анықтау қажеттігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше