Әлем • 21 Қараша, 2024

Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдары жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын орналасқан аумақтарды қалдыруды немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді

Фото: Pixabay.com

Елшілік барлық азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

«Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жер үсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы - одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын атап өтеміз. Польша арқылы шыққан жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше