Бұдан біраз бұрын әлеуметтік желілерде «чики-чики» сөзімен елге танылған шалқарлық шенеунікке тәртіптік кеңестің алдында жауап беруге тура келді. Интернет «жұлдызына» айналған Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аян Қорқытұлының аты аталуы мұң екен жиналғандар түгіл, тәртіптік кеңес мүшелерінің өздері езу тартты. Соған қарамастан, кеңес мүшелері ауданның коммуналдық шаруашылығына жауапты білдей басшыны басынан сипай қоймады. Бір ауыздан «мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзды» деп таныды.
– Мамыр айында БАҚ-та «Шалқарлық шенеунік әлеуметтік желіде күлкіге айналды» деген атпен бірнеше мақала жарық көрді. Youtube желісінде бейнеролик жарияланды. Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жайына шағымданған тұрғындардың сөзіне жауап алуға барған журналиске дөрекі жауап қайтарған. Яғни, мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзған. Ал, кодексте «көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде мемлекеттік қызметкер мәдениетті болуы тиіс» деп көрсетілген, – дейді тәртіптік кеңестің бас маманы Бағдат Кенжеғалиев. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, мінбеге шыққан Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жөнделу жайын айта жөнелгенде тәртіптік кеңес мүшелері «облысты ұятқа қалдырғанын» айтып, орта жолдан тоқтатып, журналиске дөрекі сөйлеуінің себебін сұрады.
Жан беру оңай ма, Аян Қорқытұлы камераның қосулы тұрғанын аңғармағанын айтып ақталды. Бірақ,«чики-чики» сөзімен интернет «жұлдызына» айналған шенеуніктің сөзі ешкімді сендірмеді. Тәртіптік кеңес Аян Қорқытұлын қызметіне толықтай сәйкес емес деп шешті.
Интернеттегі ол «қызықты» біз де көріп, өз көзімізге сенер-сенбесімізді білмегенбіз. Ол арада жалғыз «чики-чики» сөзі ғана емес, шенеуніктің басқа да теріс қылықтары күлкімізді келтірген. Тіпті, астамсып сөйлеуінен «мынау қайтеді» деп іш жиып қалғанбыз. Мұның өзі бізді әлі де балалығы қалмаған адам биік мансапқа қалай жеткен, сондай-ақ, артында жебеушісі бар-ау деген ойға қалдырғанын жасырудың реті жоқ. Міне, біздің халыққа қызмет етеді деген шенеуніктеріміздің түрі осындай болса, түңілмеске шара қайсы? Мұны шенеуніктің шикілігі дейсіз бе, әлде астамсудың ақыры дейсіз бе, өзіңіз біліңіз.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10