Спорт • 18 Қараша, 2024

Отандасымыз конькимен жүгіруден жеңімпаз атанды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Виталий Щиголев конькимен жүгіруден Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандасымыз конькимен жүгіруден жеңімпаз атанды

olympic.kz

Ол ерлер арасындағы масс-стартта мәреге бірінші болып жетті. Ұлттық құрама спортшысы соңғы секундтарда екі канадалық Давид ла Рун мен Хейден Майерден озып кетті. Бұл – Қазақстан құрамасының Жапония өтіп жатқан сайыстағы үшінші жүлдесі.

Еске сала кетейік, Виталий 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында 5 мың метрге жүгірісте жеңіске жеткен еді.


Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30