Әлем • 14 Қараша, 2024

Джо Байден Ақ үйде Дональд Трампты қабылдады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың қазіргі басшысы Джо Байден бұрынғы әрі жаңадан сайланған Дональд Трампты Ақ үйде қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джо Байден Ақ үйде Дональд Трампты қабылдады

Саяси қарсыластар алау оттың жанында емен-жарқын сөйлесіп, қол алысқан. Қос саясаткер билікті еш кедергісіз алмасуға уағдаласты. 2020 жылғы сайлауда Байден Трамптан басым түсті. Бірақ биыл 6 қарашада өткен додада 78 жастағы республикалық Трамп қайта сайланды. Ол 81 жастағы демократ Байден өз орнына ұсынған вице-президент Камала Харристі жеңген болатын.

«Көп рақмет. Саясат өте қатал. Бірақ қазіргі жағдай жақсы болып тұр. Билікті беру үдерісі кедергісіз жүріп жатыр. Мен мұны өте бағалаймын, Джо!», деді Дональд Трамп.

Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30