Жеңістің 70 жылдығына орай ауыл жұртшылығы соғыста құрбан болған ата-бабаларының аруағына арнап ескерткіш тақта орнатып, жауынгерлердің ұрпақтары қайырымдылық ас берді. Бұл қуанышты ауданымыздың әкімі Қ.Медеуов ауылдастарымызбен бірге бөлісті. Ескерткішке осы ауылдан соғысқа аттанған азаматтардың есімдері ойып жазылған. Олардың қөшін бастап, ауданымыздың құрметті азаматы 95 жастағы ардагер Жұмағали Әлібаев тұр. Бұл тарихи мұраның осы ауылдың білім ошағы №1 орта мектебінің ауласында орналасуы да өскелең ұрпаққа үлкен патриоттық тәлім-тәрбие беріп тұр. Жас ұрпақ оларға бас иіп, есімдерін ешқашан ұмытпайды.
Батырлар мемориалы, әрине, көпшіліктің қолдауымен орнатылды. Бұл орайда, ең алдымен ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Жұматай Ноғайбаевтың басқаруымен С.Батырова мен А.Қасенов сияқты азаматтар орасан зор үлес қосты. Ал өзінің он жылдық тарихы бар білім мекемесі – №1 орта мектеп ұжымының еңбегі тіпті ерекше болды. Жиналған ауыл жұртшылығы осы ұжымға жас ұрпақ алдында берген тәрбиелері үшін алғыс айтты.
– Жастарымыз осы ауылдан шыққан батырларымызды ұмытпайды.Олардың ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жастар өздері айтып жүреді.Сондықтан да мемориал тақтаны осы мектебіміздің ауласына орнаттық, – дейді мектеп директоры Г.Көлбаева.
Бүгінгі күні батырлардың жарқын бейнесі жанында жас ұрпақтар гүл шоқтарын қойып, тағзым етуде.
Бекзат САДЫҚОВА,
№1 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі.
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Қоянқұс ауылы.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10