Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары, Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Тарасенко мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен Қарағанды, Теміртау қалаларында жұмыс сапарымен болды.
Ұлттық комиссия өкілдері облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен әңгімелесуде өңірдегі әйелдердің қоғамдық-саяси жұмыстарға, экономика саласына қатысуы, Мемлекет басшысының дамуды одан әрі нығайту үшін белгілеген бес институттық реформасын жүзеге асырудағы үлесі туралы мәселелерді талқылады.
Аймақ басшысымен кездесуден соң облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда селекторлық режімде қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларымен күн тәртібіндегі мәселе бойынша келелі әңгіме қозғалды. Отырысты ашқан Елена Тарасенко өз сөзінде «Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында алға қойылған басым бағыттарды, сондай-ақ, бес институттық реформа міндеттерін орындауға қазақстандық әйелдер де белсене атсалысуда деп нық сеніммен айта аламыз. Біздің негізгі жұмысымыз осы бағыттағы өңірлік дейгейдегі іс-шараларды күшейтуге арналады. Бұлар олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлігін қолдау, бизнестің жауапкершілігін арттыру, жаңа экономикалық саясат аясында инфрақұрылымдық жобаларға кеңінен қамту болып табылады», деді. Ал Ләззат Сүлеймен әйелдермен нақты жұмыс істеуді күшейту, олардың мүдде-тілектерін білу, оған биліктің назарын аудару, тұрмысы қолайсыз топпен тікелей байланыс жасау, қоғамда орын алатын теріс факторлардың (балаларға зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсету, өзіне өзі қол жұмсау, некеге ерте отыру, жасөспірімдік жүктілік, т.б) алдын алу үшін жұмыс пәрменділігі мен тиімділігін жақсарту керектігін айтты.
Отырыста облыстық денсаулық сақтау, білім басқармаларының есептері тыңдалды.
Жұмыс сапары барысында Қарағанды және Теміртау қалаларындағы «Қарағанды үй комбинаты» ЖШС-інде «Шапағат» балалар үйінде, өмірде қиын жағдайға тап болушы әйелдерге арналған «Мой долг» дағдарыс орталығында кездесулер өтті.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06