– Айта берсек, әңгіме көп қой. Өзім шахтада, күзет бөлімінде жұмыс істедім. Армия қатарында болдым. Бүгінде сол бір кездерді қолдағы ескі суреттерге, еңбек кітапшамдағы деректерге көз жүгіртіп, ойша саралап отырамын, – деді Хамақаң сөз арасында.
Сонау 1950-жылдары Жымпиты орта мектебін бітірген Хамит көп ойланып жатпастан Қарағандыдағы арнайы оқу орнына құжаттарын тапсырып, электрші-техник мамандығына оқыды. Сөйтіп, өзінің алғашқы еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Ленинуголь»шахтасында бастады. Кейін армия қатарына алынды. Елге оралған соң ол аудандық аурухана, коммуналдық кәсіпорын, жол бөлімі мекемелерінде шопыр, механизатор болып істеді. Әсіресе, аудандағы жол бөлімінде марқұм Б.Дүзкеев басшылық жасаған тұста автогрейдерші болып еңбек еткен жылдарын сағынышпен еске алады. Бір кездері ауданды басқарған С.Ниязов, М.Исқақовтармен жұмыс бабындағы түрлі жиналыстарда құрметті мінбе төрінен қатар орын алуының өзі еңбегіне көрсетілген үлкен баға, құрмет болса керек.
Кеңестік дәуірде республиканың автокөлік жолдарының министрі болған, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Гончаровпен аудан орталығындағы кездесу жиынында мінбеде бірге отырып жүздесуі, пікірлесуінің өзі өмірдің бір дәурені екен ғой. Аудандық жол бөлімінде еңбек етіп жүрген 1972 жылы жұмыс үстінде қолынан жарақат алып, мүгедектікке душар болғанда да Хамақаң еңбектен қол үзбеді.Жасы келіп зейнеткерлікке шыққанға дейін Х.Халитов аудандағы дайындық мекемесінде күзетші болды. Оған қоса, Хамақаң газ плитасын жөндеу, электр желілерін, құралдарын тексеру, темір-терсектерді жөндеп, құрастыру жұмыстарын шеберлікпен жасайтын.
– Көрші-көлем мені арнайы іздеп келіп, үйде отырғыза бермейді, – дейді Хамақаң сөз арасында. – Біреуі балта, пышағын, енді бірі шәйнегін жөндеуге әкеледі. Тіпті, үйлеріне шақырып, түрлі ішкі жұмыстарын жөндеуден өткізіп беруге де қолқа салады. Ай, қазақтар-ай, әбден жұмыс біткен соң риза болғандары шығар, алмасыңа қоймастан, қалтаңа аз да болса еңбегің деп ақшасын да қыстырып жататындары және бар.
Иә, осылайша ағынан жарылған Хамақаң өзі жұмыс үстінде жарақат алып, екі айдай ауруханада жатқанында сол кездегі облыстағы жол басқармасының бастығы Останин мен облыстық кәсіподақ комитетінің басшысы Поткольдың орталықтан сыңғырлаған пәтерді де тұрғызып беруге басты себепкер болғандығын ырзалықпен айтады.
Хамақаң аудан көлемінде 45 жыл жемісті еңбек етсе, марқұм зайыбы Фатима да жол мекемесінде 26 жылдай жұмыс атқарған. Ол Фатимамен бір шаңырақ астында 37 жылдай дәм-тұздары жарасып, бес ұл-қыз тәрбиеледі.
Бүгінде жымпитылықтардың әтиі атанып кеткен Хамит Халитов кенже ұлы Талғаттың қолында, келіні Самалдың шәйін ішіп, немерелері Зухраның, Әлішердің бал қылығын қызықтап отырған жайы бар. Ал қыздары Зіфарзат, Бибінұр, ұлы Фаттың өз отбасылары бар. Олар да осы аудан орталығында тұрады.
Хамақаң бүгінде 80 жасқа толса да тың, өзін ширақ ұстайды. Қаратөбедегі, Бұлдырты ауылындағы құда-құдағайларымен жиі араласып, той дастарқандарында бас қосып отыратындары бар. Ондайда ол татарша ән салып та береді.
Әтидің үлкен немересі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Зухра аудан орталығындағы «Еркеназ» би тобының белді бишісі. Жуырда «Еркеназ» би тобы Қазақстан ұлттық арнасындағы телевизиялық «Айгөлек» республикалық балалар байқауында топ жарып, бас жүлдеге ие болды. Енді Зухра осы құрамада биылғы жылдың сәуір айында Түркияның Измир қаласында өнер көрсететін болады.
Немересінің осындай биік жетістігіне қуанған Хамит ақсақал былтырғы жылдың соңына таман Елбасының халыққа арнаған Жолдауында еліміздің күретамыры саналатын жолды жөндеуге де баса назар аударылғандығына жолшы ретінде бек қуанып отыр.
Ал Хамақаңның есімі Алматыдан басылып шыққан «Құрмет кітабына» енгізілгендігін бірі білсе, енді бірі біле бермейді де.
Мүсірбек АЙТАШЕВ.
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы.
Суретте: Хамит Халитов келін, бала, немерелерімен.

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28