Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары Өміржан Тәшімов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда мемлекеттің инновацияны қолдау шаралары сөз болды.
Мемлекет басшысы халыққа бірінші кезекте индустриялы ел және инновациялық ұлт болып қалыптасу міндетін жүктегелі де төрт-бес жылдың жүзі өтті. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген игі шаралар атқарылды. Арнайы агенттік құрылып, өнертапқыштарды жаңа өнер туындысын ойлап тауып, жасап шығаруға ынталандыру жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде, түрлі сала бойынша жаңа өнертапқыштар шығып, инновациялық еңбектерін ұсына бастады. Баспасөз мәслихатында осы бағытта атқарылған жұмыстар әңгіме өзегіне айналды.
Қазіргі таңда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік елді индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында инновациялық даму ісін барынша күшейтуді көздеп отыр екен. «Бүгінгі күнде агенттік алдына екі мақсатты нақты қойып отыр. Оның бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәстүрлі өндіріс орындарында ескірген технологиялардың санын мүмкіндігінше азайта беру. Бұл негізінен, металлургия, геология, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың бұйымдарына қатысты. Екінші кезекте индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында жаңа салаларды дамыту шарасы тұр. Қазіргі таңда автоматтандыру мен инжиниринг, сондай-ақ жұмыс техникасын жетілдіру және жаңарту істері жөніндегі тапсырмалар орындалып жатыр», деді төраға орынбасары.
Спикердің сөзіне қарағанда, саладағы грант бөлу және инноваторларды ынталандыру шаралары әбден пысықталып болған. Бұл істе оларға Инвестициялар және даму министрлігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қолдау білдіріп отыр екен. Осыған орай инновацияны дамытып, қолданысқа енгізуге қатысты тиісті заңға өзгертулер енгізіліп, бірқатар тұстары жетілдірілген көрінеді. «Саланы дамытуға арнап жасалған бағдарлама бойынша гранттарды қаржыландыру ісі жақсарып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға аударылатын ақша көлемі еселеп артты», деді Ө.Тәшімов.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12