ҚЫЗЫЛОРДА. 29 сәуір. Астанада өткен Елбасының ұлықтау рәсіміне орай Сыр елінің жастары Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің алдында флешмоб ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған флешмобқа қатысқан жастар «Мәңгілік Ел» эмблемасы бейнеленген ақ футболка, ақ бас киім киіп, әртүрлі ұлттың билерін биледі. Аталмыш флешмобқа өзге ұлт өкілдерінің жастары да атсалысты. Бірнеше халықтың ұлттық биімен өрнектелген шара соңы қазақтың «Қара жорға» биімен аяқталды. Ал флэшмобтың шырқау шегінде жастардың барлығы бірге «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» деп ұрандатты. Аталмыш шараға 150 жас қатысты.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 29 Сәуір, 2015
Қызылорда жастары Елбасын ұлықтауға орай флэшмоб ұйымдастырды
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 сәуір. Астанада өткен Елбасының ұлықтау рәсіміне орай Сыр елінің жастары Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің алдында флешмоб ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған флешмобқа қатысқан жастар «Мәңгілік Ел» эмблемасы бейнеленген ақ футболка, ақ бас киім киіп, әртүрлі ұлттың билерін биледі. Аталмыш флешмобқа өзге ұлт өкілдерінің жастары да атсалысты. Бірнеше халықтың ұлттық биімен өрнектелген шара соңы қазақтың «Қара жорға» биімен аяқталды. Ал флэшмобтың шырқау шегінде жастардың барлығы бірге «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» деп ұрандатты. Аталмыш шараға 150 жас қатысты.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше