Мына заманда кімнің аузына қақпақ болғандайсың. Бірақ «Қазақстан өнімнің бәрін сырттан сатып алады. Тіпті, сіріңке де шығармайды» деген сөз, жұмсартып айтқанда, артық енді. «Көрмес – түйені де көрмес» дейді. Осы тәмсілге салсақ, елдің жетістігін көрер көзге көрмей, бар дүниені елемеу, бұл – жаны ашымастықтың белгісі. Әйтпесе, бүгінде Қазақстанның қай түпкіріне барсаңыз да жұмыс істеп тұрған бір зауытқа, не фабрикаға куә боласыз. Әсіресе, соңғы бес жылдың мұғдарында жаңа кәсіпорындар өте көптеп ашылды. Бұған Индустрияландыру картасының ерекше екпін бергенін айтқымыз келеді. Егер нақты дәлелмен сөйле дейтін болсаңыз, нақты жұмысты қолмен қойғандай етіп көрсетіп берейік.
Мәселен, Арал ауданындағы «Аралтұз» зауытын алайық. Бір кездері теңізімен бірге тынысы да тарылғандай болған Арал өңірінен жұрттың үдере көшкенін білесіз. «Бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған» аймақтың негізгі тіршілігі теңізбен тығыз байланысты еді. Сан жылдардан бері балықшылықты кәсіп етіп, әулеттік іске айналдырған адамдардың сең соққандай күйге түскені анық-тын. Сосын Балқаш, Қапшағай секілді көлдерге қарай көшінің басын бұрды. Дегенмен, жоғалған – табылады, кеткен – оралады. Өмірдің заңы сондай. Елбасының тікелей бастамасымен САРАТС жобасы қолға алынып, Аралдың табаны қайта тола бастады. Теңізге су жеткен соң атакәсіп те қайта жандады.
Осы аралықта аралдық ағайын кәсіптің басқа да түрлерін меңгерді. Бүгінде құмның ішінде жүрген мыңғырған қой, маң-маң басқан түйе, құйрығын көкке шаншып шауып жүрген үйір-үйір жылқы соның дәлелі. Оның сыртында кәсіпорындарда жұмыс істеп, нәпақасын айыруға болатынын аңғарды. Бұл тұрғыда іргетасы сонау 1925 жылы қаланған «Аралтұз» комбинатының атқарып отырған қызметі зор.
Бұл комбинат өз тарихында талай жағдаятты бастан өткерді. Заман талабына сай аты мен заты бірнеше мәрте өзгерді. Дей тұрғанмен, о бастағы бағытынан айныған жоқ. Тұзды қазып алып, оны өңдеп, тұтынушыға сапалы тауар ұсыну басты міндет-тін. Сол міндеттің үдесінен шығып келеді. 2013 жылы комбинат толықтай қайта жабдықталды. Испаниядан арнайы құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылды. Содан бастап «Аралтұздың» жұмысын жандандыру үшін 1,5 миллиард теңге инвестиция құйылған. Ойлаңыз, қалың құмның арасында жатқан Арал ауданындағы бір комбинатқа осынша қаржы тартылып отыр. Инвестицияның игіліксіз жерге тартылмайтынын білесіз. Осыдан-ақ, «Аралтұздың» қаншалықты пайдалы, табысты, қоғамға қажетті екенін аңғарамыз. Ал осы комбинатта бүгінде 800-ге тарта адам тұрақты жұмыс істейді. Оның ішінде испан технологиясымен тұз өндіретін жабдықта 343 адам тұр. Бір мекеменің осынша адамды жұмыспен қамтып, тұрақты түрде шаңырақтарына табыс кіргізіп отыруы шын қуанарлық дүние. Комбинат жылына 150 мың тонна тұз шығарып отыр. Өнімдерін тек Қазақстан ғана емес, көрші Ресей, ТМД елдері мен Түркия нарығына шығарады. Тұздың да түр-түрі өндіріледі. Ас тұзынан бастап, мал бордақылау кезінде жемге қосып беретін брикеттелген тұзға дейін.
Комбинаттан шығарылатын тұздың бірнеше түрі бар. Бірінші – ас тұзы. Йодталған, тағамның барлық түріне қосылатын тұз полиэтилен дорбаларға 1 килодан салынады. Базарға барсаңыз, толып тұр. Тұздың осы түрі 12 және 22 килолық қапшықтармен де өндірістен өтеді. Ал алыс-жақын шетелдерге 10 килодан бастап 50 килолық қаптармен ұсынылып жатады. Екіншісі – техникалық мақсаттарға қолданатын тұз. Көбіне мұны жабық вагондарға тиеп шығарады немесе 60 килолық қаптарға салады. 1 тонналық жұмсақ контейнермен ұсынатын түрі де бар. Үшіншісі – жемге арналған брикеттелген тұз.
Кәсіпорынға қаржы құйылып, заманауи жабдықтар орнатылғаннан кейін өнімнің де сапасы айтарлықтай артты. Тұзға қосылатын йодты арнайы Алматыдан әкеледі. Бүгінде 1 тонна тұзға 63 грамм йод қосылады. Сонымен қатар, өткен жылы «Аралтұз» өз қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға арттырды. Дағдарыстың алдында қаржыны қысқартпай, жалақысын көбейтіп отырған мекеменің жұмысына қуанбауға дәтің бармайды.
Қысқасы, комбинат жұмысы бүгінде әбден жүйеленген. Сағат секілді сартылдап жұмыс істеп тұр. Адам барда ас ішіледі. Ал тағамға тұз міндетті түрде қосылады. Сондықтан «Аралтұздың» жұмысы тоқтаусыз жалғаса бермек.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы,
Арал ауданы.

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28