Әлем • 04 Қараша, 2024

Қазақ-корей ынтымақтастығы нығайып келеді

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен барды. Онда Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөз өткізіп, «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысты. Сондай-ақ  сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында корей компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ-корей ынтымақтастығы нығайып келеді

Фото: Сыртқы істер министрлігі

«Hyundae Hospital» компаниясының басшылығымен өткен жиында Алматы облысында 200 орындық көп бейінді аурухана салу жобасы талқыланды, оны қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп іске асыру жоспарланып жатыр. М. Нұртілеу бұл жобаның Қазақстанның әлеуметтік саласы үшін маңыздылығына назар аударып, аурухана құрылысы корей моделі бойынша медициналық қызметтер жүйесін жақсартатынын және озық технологияларды қолдануды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Ал «With You E&C» компаниясының өкілдерімен 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болатын Қызылорда облысында қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Зауыт экологиялық жағдайды жақсартуға және аймақ экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады. Компания сондай-ақ жобаны кеңейтуге және Қазақстанның басқа облыстарында ұқсас зауыттар құруға дайын екенін жеткізді.

«Sejong» және «Seoyon E-HWA» компанияларының басшыларымен кездесу барысында Қостанай облысында автокомпоненттер өндіруге сәйкес жобалар талқыланды. Корей әріптестері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытып, жаңа технологияларды табысты игеру үшін жергілікті кадрларды оқытуға дайын екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025