Есірткі • 03 Қараша, 2024

Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын қолға түсті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын қолға түсті

Polisia.kz мәліметінше, патрульдік полиция инспекторлары Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы аумағының тұсында қызмет атқару барысында жол қозғалысы ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.

- Тексеру барысында көлік жүк салғышынан жолаушыға тиесілі бірнеше бөлікке бөлініп, салынған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптама қортындысына сәйкес, анықталған заттың салмағы 1,8 келі кептірілген марихуана екені белгілі болды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады, – делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. 57 жастағы тұрғын сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына 2 ай мерзімге оқшауландырылды.