АСТАНА. 29 қаңтар. Астаналық «Барыс» өз айдынында ресейлік «Северстальді» қабылдап, қосымша кезеңде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын қос тараптың алма-кезек шабуылымен басталды. «Барыс» сапынан бірінші бестік белсенділік танытты. Кездесудің 11-минутында Наджел Доус пен Дастин Бойд ұйымдастырған шабуылдан нәтиже шығарған Майк Ландин есеп ашты. Арада екі минут уақыт өткенде айдын иелері ойыншы басымдығына ие болды. Дегенмен, бұл мүмкіндікті Андрей Назаров шәкірттері пайдалана алмады. Есесіне ойынның 16-минутында қонақтар есепті теңестіріп кетті. Мергендігімен көзге түскен – Павел Чернов.
Екінші кезеңде біздің команда екі мәрте айдында 4 ойыншымен қалды. Абырой болғанда екеуінде де ресейліктер қорғанысымызды бұза алмады. Үзіліске 5 минут қалған кезде қонақтар қарқынын күшейтіп, біздің қақпаға лап қойды. Сондай шабуылдардың бірінде «Северсталь» ойыншысы Максим Трунев көк жолақтан еніп барып, жойқын соққы жасады. Қақпашымыз Павел Полуектов шайбаның жақын бұрышқа келе жатқанын дәл бағамдағанымен, соққыға тосқауыл бола алмады. Нәтижесінде есеп 1:2 болып, қарсыластың пайдасына өзгерді.
Шешуші кезеңде елордалық ұжым есепті теңестіру үшін шабуылдарын күшейтті. Қонақтар өздеріне қажетті нәтижеге қол жеткізгендіктен негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуылға ғана иек артты. Десек те, ойынның аяқталуына 28 секунд қалған кезде «Барыстың» бірінші бестігі тамаша шабуыл ұйымдастырып, Роман Старченко командасының екінші шайбасын соқты. Нәтижелі шабуылға ұйытқы болған тағы да Н.Доус пен Д.Бойд екенін айта кеткен жөн.
Негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмаған қарсыластар 5 минуттық қосымша кезеңге жүгінді. Аталмыш кезең «Северстальдің» шабуылымен басталған болатын. Алайда, дер кезінде ес жия білген «Барыс» ойыншылары 2-минутта үшінші шайбаны соғып, қарсыластарынан жеңісті жұлып алды. Жеңіс шайбасының авторы Н.Доус болса, оған нәтижелі пас шығарған Дмитрий Уппер.
Бұл «Барыстың» қатарынан үшінші жеңісі. Әзірге Шығыс конференциясында 74 ұпаймен 6-орынға нық табан тіреп тұр. Ал соңғы бес ойынның төртеуінде жеңілген «Северсталь» 63 ұпаймен Батыс конференциясының соңында, яғни, 14 команданың ішінде 13-ші келеді. «Барыстың» келесі қарсыласы ҚХЛ-дың қазіргі көшбасшысы мәскеулік ЦСКА. Аталған тартыс 30 қаңтар күні Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48