АСТАНА. 29 сәуір. Кенеттен қайтыс болған белгілі өнер жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің денесі Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Қазір осы мәселемен марқұмның ағасы Бауыржан Шөкенов Мәскеуге кетті. Оның мәлімдеуінше, соңғы кездері әнші денсаулығының сыр беріп жүргенін айтқан.
Мәскеуге ұшар алдында Алматы әуежайында тілшілермен кездескен Бауыржан Шөкенов: «Қазір жерлеу мәселесін шешіп жатырмыз. Осы жаққа алып келеміз. Бірақ одан кейін қалай болатынын білмеймін. Бұл қайғылы жағдай оның пәтерінде болған. Сол үйде Батырдың директоры да тұратын еді. Ол бірден жедел жәрдем шақырған. Дегенмен, соңы өкінішті аяқталды. Көп салмақ түсіп кеткен болар. Соңғы кездері денсаулығына шағымданып жүрген еді», – деді.
Белгілі өнерпазымыздың қайтыс болуына байланысты Қазақстан және Ресей эстрадасының жұлдыздары қайғырып, әлеуметтік желілер арқылы өз өкініштерін білдіруде. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да өз көңілін білдіріп, Қазақстанның барлық өңірінде Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған концерттер өтетінін айтты. Әзірге аталған шараның нақты күні мен уақыты белгісіз.
Еламан Қоңыр.
Дерек: tengrinews.kz.
Сурет: art.gazeta.kz.

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше