Ғылым • 31 Қазан, 2024

Саланы дамытудағы ілкімді бастама

62 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақыт­та 800-ден аса адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылымды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Өңірлердегі жүргізілген зерттеулер хакатондар арқылы жүзеге асады. Осы және өзге де ғылым мәселелері туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ­айтылды.

Саланы дамытудағы ілкімді бастама

Сурет: ru.freepik.com

Баспасөз жиынында сөз алған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки соңғы жылдары ғылымға бөлінген қаржыландыру көле­мінің ұлғайғанын айтты.

«Қазір елімізде 25 мың­нан аса ғалым жұмыс істейді. Былтыр қабылданған Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, өмір бойы оқыту және ғылымды дамыту сияқ­ты бағыттарға ерекше назар аударылады. Президент Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Мемлекет басшысының қатысуымен екі кеңес өтті. Нәтижесінде, керекті шешімдер қабылданды. Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті, ал әлемнің жетек­ші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден аса адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Инфрақұрылымдық да­мы­­тудың бірден-бір көрінісі – құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш бізде 14%-ды құрайды. Биылғы шілдеде «Ғылым және техноло­гия­лық саясат туралы» заң қа­былданды. Аталған заң елі­мізде ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, елдің бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәти­желерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің страте­гия­лық, кәсіптік және әлеу­мет­тік мәселелерін шешуге бағыт­талған», деді Д.Ахмед-Заки.

Спикер брифингте баян­дағандай, «Ғылым және тех­нологиялық саясат туралы» заңда ғалымдарды ынталандыру ержелері, ғылыми-тех­ни­калық ақпаратпен жұмыс істеу, келешекте өнді­ріске қа­жет болатын ақпа­рат­тық тех­но­логиялармен жұмыс жүр­гізу сынды тетіктер қам­тыл­ған. Қазір ғылымды басқару жү­йесі бірнеше сатыдан тұ­ра­ды. Айталық, Пре­зи­дент ж­а­нындағы Ұлттық кеңес сәй­кес шешім шығарады. Жо­ғар­­ғы ғылыми-техникалық ко­­­­миссия қаржыландыру ше­шім­­­­дерін айқындайды. Нәти­же­­с­­інде, қаржы үйлес­тіріліп, ғы­­лымға қажетті тақы­рыптар нақ­тыланады.

«Соңғы кезде елімізде шетел­дік университеттердің филиалдарын ашу да ғылыми әлеуетті дамытуға көзделген. Біздің жоғары оқу орындары жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Соның бір көрінісі – сол әкімшіліктердің жанында ғылыми кеңестер құрылды. Осыған сәйкес жаңа заңның ішінде құзырлар қарастырылған. Мәселен, Ақтөбеде ашылған Хэрриот Уот университетінде жергі­лік­ті жоғары оқу орнының ма­ман­дарымен қатар шетел­дік ғалымдар оқу бағдар­ла­м­а­ларына сәйкес жаңа ғылы­ми бағыттарды қамтып келеді. Бұл ғылыми әлеуетті арт­ты­руға оң септігін тигізеді. Бізде ғы­лымды басқару жүйесі бір­неше сатыдан тұрады. Жоға­рыда айтылған Президент жа­нындағы Ұлттық кеңес стратегиялық тұрғыда қа­жет­ті шешім шығарады. Үкі­мет жанындағы Жоғары тех­ни­калық комиссия аясында қаржыландыру шешімдері айқындалады. Ал қазіргі бар ұлттық ғылыми кеңестер, ғы­лыми-техникалық кеңестер қаржыны үйлестіріп, жобаларды іріктеу, соған сәйкес келешекте өндіріске керекті тақырыптарды анықтап бе­реді», деді спикер.

Вице-министрдің айтуын­ша, технологиялардың да­йындық деңгейі 9 кезеңнен тұрады. Алғашқы 4 деңгейінде іргелі ғылымның қаншалықты қолданбалы деңгейге шығу мерзімі айқындалады. Өйт­кені көбінде гипотеза анық­талады. Одан кейін зерттеу әдістемелері арқылы сол теориялар, модельдер ашылады. Нәтижесінде, оны қаншалықты қолданбалы деңгейге шығару мүмкіндігі белгілі болады. 5-7 деңгейде қолданбалы практикалық идея өндіріске нақты лабораториялық тұрғы­дан өтіп барып, өндірістік кеңістікте сәйкес бағаланып, соның қандай да бір оң өнімін алуға болатынын анық­тай аламыз. Ал 8-9 деңгейлер техно­логиялардың өндірістегі кең таралуын қамтиды. Мәселен, 20 жыл бұрын селенді шы­ғарудың теоретикалық тұр­ғыда іргелі ғылым ретінде қалып­тасса, зертханада­ғы алғашқы ізденістердің нәти­­­жесінде біршама жыл өткеннен кейін бұның керек вакум-дистилляциялық құрылғысы жасалып, цехта орнатылып, былтыр тамыз айында өндіріске енгізілді. Ел өңірлерінде жүргізілген зерттеулер хакатондар арқылы жүзеге асады. Ғылым және жоғары білім министрлігі компаниялармен бірге отан­дық ғалымдардың қандай ғы­лыми шешімдер беретінін анық­тайды. Министрлік пен «Самұрық-Қазына» қорына енші­­лес компаниялардың жұмыс жоспары, арнайы кес­те бе­кі­тілді. Ең бірінші жоба «Қаз­атом­өнеркәсіп» компания­сы­мен бірге жүзеге асырылды.

«Айқындалған кестеде 4-6 қарашада «KazMinerals» компаниясымен жұмыс істейміз. Мұнда көрініп отырғандай, ғалымдардың саны белгіленген, қандай университеттер, әрине, нәтижесінде нақты қандай тапсырмалар орындалатынын көруге болады. Мәселен, «Kazakhmys» компаниясына байланысты айта кетсек, бұл жерде флотациялық әдіс­теме технологияларының дамуы келесі деңгейін анық­тау, одан кейін сәйкес өнім қал­дық­­тарының ішінен керек­ті қо­сымша металл мен хи­мия­лық эле­менттерді бөліп алу, содан кейін басқа да ақпараттық тех­но­логиялар я қауіпсіздікті қам­тамасыз ету тапсырмалары ай­қындалып, қазір­гі таңда осы ба­ғытта ғылы­ми сүйемелдеу жүзеге асырылып жатыр», деді Д.Ахмед-Заки.

Министрлік өкілінің сөзіне сүйенсек, жұмысты бастамас бұрын министрлік жобаға қажетті ғалымдарды іріктеп, хакатон шеңберінде әр тапсырма талқыланады. Бұған дейін Ғылым қоры арқылы коммерцияландыру гранттары үйлестірілетін болса, қазіргі таңда оған қосымша венчурлық қаржыландыру жүйесі енгізілмек. Яғни бизнес барлық тәуекелді өз мойнына алады. Ғылыми ізденіс жобалары қысқа мерзімде нәтиже бермейді. Сондықтан алдымен олар іргелі зерттеулерден өту керек. Сол кезде бизнес тарапынан қызығушылық болса, жобаға кәсіпкерлердің қаржысы тартылады.