Щучье-Бурабай курортты аймағының жедел дамуы өңірдің туристік тартымдылығын ғана емес, еліміздің әлемдік деңгейдегі абыройын асқақтата түсуде. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында заманауи тұрғын үй, әлеуметтік-сауықтыру орталықтары, өскелең талаптағы қонақүйлер бой көтерді. Бұған Бурабай халықаралық маңызды жиындар ордасына айналғаны да мәртебе қосады. Мұнда қазірдің өзінде жыл сайын 500 мыңнан астам туристер мен тынығушылар, шетелдік делегация мүшелері еліміздің көркем табиғат байлығына, кеңқолтық қонақжайлылығына тәнті болуда.
Осы ретте Бурабай босағасынан аттағандардың, жергілікті тұрғындардың алаңсыз демалысы мен тыныштығын қамтамасыз ету айрықша назарда ұсталатындығын айта кету лазым. Күні кеше, облыстық ішкі істер департаменті Щучинск қаласында Жедел басқару орталығын ашуы бұл талаптың ойдағыдай іске асырылып жатқанын дәлелдейді. Салтанатқа Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы қатысып, жауапкершілік жүгі салмақтылығын аңғартты.
Қос қабатты ғимаратты тұрғызуға 538,5 миллион теңге, ал бейнебақылау қондырғысын орнатуға 56,6 миллион теңге жұмсалған екен. Бұл – республикадағы аудан орталықтары ішіндегі екінші нысан. Заманалық жабдықтарды «ASTEL» акционерлік қоғамы орнатып, сынақтан өткізген.
Мұнда арнайы біліктілік курсынан өтіп, сертификат алған 30 полиция қызметкері жұмыс істейді. Орталықтың жедел кезекшілері Щучье қаласындағы 15 және Бурабай кентіндегі 5 бейнебақылау камераларын бір мезетте іске қосып, жұртшылыққа оның сан қырлы әлеует-қарымын таныстырды. «Ақылды машиналардың» назарынан тәртіп бұзу әрекеттерінің бүге-шігесін былай қойғанда, бей-берекет лақтырылған темекі тұқылы мен түсіп қалған түйменің өзі де тыс қалмайтынын көріп-білдік.
Сөйтіп, енді жаңа орталықтың техникалық мүмкіндіктері қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін дер кезінде анықтап, жедел әрекет жасаудағы және оның алдын алудағы қызмет тиімділігін арттыра түседі.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы.
Суретті түсірген
Төлеген Қосшығұлов.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10