Өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді», деген болатын.
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – тағы да ұстаз. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өзгелерді бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай «ой еңбегінің бейнетін зейнет санайтын» асыл ұстаздардың бірі – Астана қаласындағы №69 мектеп-гимназияның жоғары санатты математика пәні мұғалімі Нұрбек Қасымханов. Өзінің 36 жылдық ұстаздық жолында ол қаншама шәкіртті ұядан қияға ұшырып, оқушылары мен олардың ата-аналарының сансыз алғысына бөленген бақытты жан. Астана қаласы Есіл ауданы әкімінен тынымсыз еңбегі мен озық тәжірибесі үшін мадақтама алды.
Оқушы білімін сарапқа салатын пәндік олимпиадалар – білім мен еңбектің додасы. Білімнің майталмандары бас қосатын аламан бәйгеден жүлделі орынды еншілеу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Оның шәкірттері халықаралық математикалық олимпиадалардан жүлделі орындар алып жүр. Нұрбек ағайдың бұл жеңісі – оның еңбегінің жемісі. Себебі, ол тек өз пәнінің ұлағатты ұстазы ғана емес, сыныбының әкесі іспеттес, әр шәкірттің жүрегіне үңіліп, жеңісіне бірге қуанады. Өз сыныбындағы оқушылармен мектеп, қала көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралардың басы-қасында жүріп, қоғамдық істерден шет қалған емес. Үстіміздегі жылы мектебімізге «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы енгізілген болатын. Осы технологияны пайдалануда Нұрбек Мамырханұлы өзінің озық тәжірибесін көрсете білді. Соның нәтижесінде «БжС» технологиясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталып, технологияны жақсы меңгергені үшін «Классик-Бис» біліктігі берілді.
Сонымен қатар, ол бірнеше авторлық бағдарламалар құрастырды. 2009 жылы «Модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктер» атты әдістемелік құралы басылып шықты. Ғаламторға математика пәні бойынша сабақтары жіберілді. 2012 жылы 10-сыныпқа арнап «Көмекші шеңбер әдісі» тақырыбында элективтік курсын жазды. «Геометрия Астаны» кітабында логикалық екі есебі жарияланды. Ұстаздың осындай табыстарға қол жеткізуі оның ізденімпаздығы мен еңбекқорлығының, асқан жауапкершілігінің арқасы деуге болады. Оның жасаған еңбектері ізін басып келе жатқан ұстаздарға үлгі боларлықтай.
Жазира ДОСПАНОВА,
№ 69 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі.
АСТАНА.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10