Университет • 24 Қазан, 2024

Шетел оқытушыларының дәрісін тыңдады

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары көптеп ашылып жатыр. Мұндай үрдіс ізденушілерге өз Отанынан алысқа ұзамай-ақ халықаралық деңгейдегі мамандардан сабақ алуға жағдай жасады.

Шетел оқытушыларының дәрісін тыңдады

Сондай мүмкіндіктің үл­гі­сін Ақтөбе қа­ла­сындағы бри­­тандық Хериот-Уотт уни­вер­ситетінің кампусында шетелдік оқытушылардың дәріс маусымын баста­ға­нынан көріп отырмыз. Студенттер тәжірибелі маман­дар­дың дәрістерінен сапалы халықаралық білім нәрін сіңіруге мүмкіндік алды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпа­ратқа сүйенсек, жоғары­да аталған шетелдік универ­си­тет­тің оқытушылары ресми түрде өз қызметін бастап, студенттерге дәрістер оқып жатыр. Бұл оқытушылардың әрқайсысы өз саласында мол тәжірибесі мен білімі бар, халықаралық деңгейде таныл­ған мамандар. Соның бірі – Сантьяго Вейнтимила, ағылшын тілі оқытушысы әрі инженерия саласының маманы. Ол Эквадорда дүние­ге келіп, Эквадор Орталық университетін мұнай инже­не­рі мамандығы бойын­ша тәмамдаған. 2021–2023 жылдары Назарбаев уни­вер­си­тетінде ғылым магистрі дәре­жесін алып, Тау-кен ісі және геоғылымдар мек­те­бінде уран зерттеу тобын басқарған. Осыған қоса Сантьяго Эквадордың ірі кәсіпорындарында инженер ретінде жұмыс істеп, кәсіби тәжірибе жинақтаған, ағыл­шын тілін оқыту бойынша «CELTA» сертификатын алған.

Дәріс беріп жатқан оқыту­шылардың екіншісі – Ясир Умайр, CMOS базасын­дағы жоғары жылдамдықты RFID-технологиялар саласындағы сарапшы, электртехника магистрі, радиожиілік жүйе бойынша (LNA, VCO, RFID, PA) жетекші жобаларды атқарған BUPT RF-зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Сон­дай-ақ Қытайдағы ең ірі тех­нологиялық компа­ния­лардың жобаларына қатысқан. Оқы­ту­шы «Beijing University of Posts and Telecommunications» (BUPT) қытай университетін радиожиілік интегралды схе­ма­лары мамандығы бо­йын­ша бітірді. Сонымен қатар Швециядағы Linköping University-де магистр дәре­же­сін алды. Вах универ­си­тетінің (Пәкістан) электртехника кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. Доктор Ясир Schlumberger және OGDCL сияқты әлемдік деңгейдегі мұнай және газ саласындағы жетекші компанияларда та­­ғы­­­лым­­дамадан өтіп, мұнай өнер­­кәсібіндегі жұмыс пен тех­но­­логияларды терең зерттеген.

Осындай халықаралық деңгейдегі оқытушылардың тәжірибесі мен сараптамасы Хериот-Уотт университетінің Ақтөбедегі кампусындағы студенттерге әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік береді.