Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қ.Мәми Мемлекет басшысына соттардың 2014 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті бүгінде сот жүйесі алдында судьялардың VI съезінде белгіленген жаңа міндеттер тұрғанына назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев республика соттары 2015 жылдан бастап азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталған жаңа қылмыстық заңнама аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот төрелігін атқаруды одан әрі жақсарту, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстанның судьялар корпусының кәсібилігін арттыру қажеттігін де айтты.
Қ.Мәми соттарға 1,2 миллионнан астам арыз және іс келіп түскенін мәлімдеді. Ол азаматтық істердің саны шамамен 450 мың болуы Қазақстан азаматтарының сот жүйесіне деген сенімі артқандығының айғағы екенін айтты.
Жоғарғы Сот Төрағасы электронды сот өндірісін енгізу жұмыстары жөнінде де баяндады. Сонымен қатар, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сегіз бағыт бойынша күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Солардың қатарында соттар қызметінің ашықтығын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеу жұмыстарын күшейту, тұрақты әлеуметтік зерттеулермен қамту және басқа шаралар бар.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32