Білім • 09 Қазан, 2024

NU ауыл түлектеріне қандай мүмкіндік береді?

175 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үздік ғылыми журналдардағы жарияланымдар, еліміздегі үздік ғалым­дардан дәріс алу, ең үлкен кітапхана, бай студенттік өмір, жайлы жатақ­хана, заманауи спорт орталығы, сонымен қатар белсенді нетворкинг – басқа да мүмкіндіктер Nazarbayev University (NU) сту­дент­терін, әсіресе шағын қалалардан келген, Орталық Азиядағы ең үздік уни­вер­ситетте оқуды кеше ғана армандаған студенттерді таңғалдырады.

NU ауыл түлектеріне қандай мүмкіндік береді?

Мәдениет Беспаев – Павлодар облысы Ертіс ауданы Қос­ағаш шағын аулының тумасы. Бала кезінен Мәдениет физикаға, ға­рыш­қа қатысты барлық нәрсеге қызығатын: «Ғарыш туралы энциклопедия менің ғаламды зерттеуге деген сүйіс­пеншілігімді оятты. 7-сыныпта Павлодар қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсіп, оны үздік бітір­дім. Емтихандарды сәтті тапсырып, NU-ға «Механикалық және аэро­ғарыштық инженер» маман­дығына түстім. Осы­лайша, қызы­ғу­шы­лығым мен хоббиіме толық сәйкес келетін мамандықты осы уни­вер­ситеттен таптым. Сондай-ақ NU-ды таңдаудың негізгі себеп­­терінің бірі оның жоғары мәр­тебесі әрі студенттеріне жеке және кәсіби өсуге беретін мүмкін­дік­тері болды», дейді студент.

М.Беспаев бакалавриат­ бітір­геннен кейін осы универси­тет­те магис­­тратурада оқуын жал­ғас­ты­ру­ды ұйғарады. Ол NU-да алған білімі оның тамаша маман болуы­на септігін тигізетініне сенімді.

ыв

NU-ға үміткерлердің көп­шілігі грант бойынша оқиды, олар үздік оқыса, стипендия да беріледі. NU-ға түсуге ауылдық квота жоқ, ауыл­дық талапкерлер тең шарттармен қабылданып, ең дарынды балалар еліміздің жетекші ЖОО-ға түседі.

NU студенттерге зерт­теу­­ші­лерге өте маңызды Q1 дең­­гейін­дегі беделді ғылыми журнал­дарда жариялау мүм­кін­дігін бе­реді. Студенттер ғы­лымдағы алғашқы қадамын профессорларымен бірге сенімді түрде жасайды, басқа университеттерде ондай мүмкіндік жоқ. Студенттер бірінші курс­тан бастап ғылыми жоба­ларға қатысып, үздік оқыту­­шылардың жетекшілігімен тәжі­рибе, білім алады. Бұл зерттеу дағдыларын дамытуға, ғылымның әртүрлі саласын терең түсінуге көмектеседі. Студенттер халықаралық конфе­ренция­лар­­ға қатысып, атақты зерт­теу­шілермен ынты­мақтаса алады. 2023 жылы NU студенттері 300 ғылыми мақаланың авторы, олардың 64%-ы беделді Q1 журналдарында жарияланды. Бұл студенттер зерттеулерінің жоғары деңгейін, кәсіби қызметке дайын­дығын көрсетеді.

Мәдина Аманкелдинова Шы­ғыс Қазақстан облысының Зай­сан қаласында өсіп, Зайсан­дағы Х.Мұстафина атындағы орта мектепті бітірген. Оған ең қиыны ағылшын тілін меңгеру еді, ал Мәдина өз бетімен дайындалды. Еңбекқорлығы­мен грантқа ие болып, қазір компьютерлік ғалым­дар бағытында оқып жатыр. «Мен NU-ды таңдадым, өйткені елімізде осы жерде ғана халықаралық дең­гей­де білім ала алатынымды түсін­дім, соны­мен қатар мұнда шетел­дің ең жарқын, ең өршіл жастары жи­нал­ған өте сапалы қоғамдас­тық бар».

Университет студенттері­нің дарын­дылығын қолдауға, дамы­туға, оларға білім алу мен өсу­ге бірегей мүмкіндік беруге ұм­ты­лады. Аталған жоғары оқу орны әрбір іздену­шінің студенттік өмірге қатысу арқылы әлеуетін толық ашатын қолайлы ортаны қам­та­масыз етеді. Студенттік үкі­мет, спорт клубтары (олардың саны 80-нен асады), түрлі баста­ма сту­­­дент­терге университет өміріне бел­­­сене араласып, көшбасшылық қа­бі­­­лет­­терін дамытуға жағдай жасайды.

Университеттің басты мақсаты – өз түлектеріне еліміздің дамуына белсенді қатысуы үшін табыс­ты мансапқа қажетті білім мен дағдыларды беру. Университетте Абай философиясына негіздел­ген «Толық адам» тәрбие жұ­мы­­сының тұжырымдамасында сту­­денттердің бойында ізгілік, зер­делілік, саналы күш-қуатты да­мы­ту­дың маңызды­лы­ғы көрсе­тіл­ген.

Құрылғаннан бері NU әртүрлі салада, соның ішінде инжене­рия, ғылым, гуманитарлық ғы­лым­дар, медицина, бизнес, білім беру, мемлекеттік сая­сатта табыс­қа жет­кен 10 000-нан аса студент­ті даяр­ла­ды. Жұмыспен қам­­тыл­ған түлек­тердің 90%-дан астамы еліміздің эко­но­микалық, әлеуметтік дамуы­на өз үлесін қосып келеді.